Bugin

Назарбаевтың інісі мен қызының Тасмағамбетовке қарсы операция жүргізгені рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш, қызы Дариға Назарбаева Иманғали Тасмағамбетовке қарсы операция жүргізген. Бұл туралы ҰҚК-нің, ІІМ-нің генерал-майор, полковниктері мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Украина/Qazaqred telegram арнасына сілтеме жасап.

Полковник Мұхтар Қарабековтің сөзінше, Самат Әбіш Тасмағамбетовке қарсы құжаттарға қол қоюды міндеттеген.

«Бас тартқаным үшін түрмеге қамалдым», - дейді ол.

Қарабеков Қорғаныс министрлігінде әскери өкілдіктер орталығының бастығы болған. Самат Әбіш осы кезеңде қорғаныс министрі болған Иманғали Тасмағамбетовке қарсы «компромат» жасауға әрекеттенген. Бұл идеяны Дариға Назарбаева да қолдаған.

Орган қызметкерлері Самат Әбіштің басқа да «былықтарын» жайып салмақшы. Мәселен, қаңтар оқиғаларына Әбіштің дайындаған «сақалды адамдары» араласты деген нұсқа бар.