Bugin
Бас прокурор Берік Асылов 2022 жылдың қаңтарында орын алған тәртіпсіздік туралы жаңа видео көрсетті. Бұл туралы Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры 2022 жылдың қаңтарында орын алған тәртіпсіздіктерге қатысты депутаттық сауалға жауап берді.
- «Бұл жан түршігерлік кадрлар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында мұндай жағдаймен алғаш рет бетпе-бет келіп отырғанын айқын көрсетеді», - деді бас прокурор.