Bugin

Самат Әбіш ұстала ма? – Бас прокурор жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елдің Бас прокуроры Берік Асылов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты пікір білдірді. Бұл жайлы Ulysmedia.kz.

"Қазір Самат Әбішке қатысты ешқандай дәлел жоқ", – деп қысқа қайырды Берік Асылов.

Еске сала кетсек, қаңтар оқиғасына байланысты ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары бірден қамалып, кеше Самат Әбіштің туған ағасы Қайрат Сатыбалды тұтқындалған еді. 

Қайрат Сатыбалдыұлы билік басындағы өз қызметін 1991 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (ҰҚК) бастаған. 1998-2000 жылдары Астана қаласының әкімі болып, 2003-2005 жылдары тағы да ҰҚК-інде басшылық қызметте болған. Барлығы 9 жыл жыл ҰҚК-де қызмет істепті.