Bugin

Сақ болыңыз: Toyota автокөліктерінің дөңгелегі ажырап кетуі мүмкін деген қауіп бар

Кейбір көліктердің артқы осьтік мойынтіректеріне арналған бір немесе одан көп болттары жинақтау кезінде жеткілікті деңгейде бұралмауы мүмкін деген күдік бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылғы Toyota C-HR үлгісінің 700-ге жуық жол талғамайтын автокөлігін құрастыру барысында кетуі мүмкін қателіктер үшін тексеріс жүргізіліп жатыр. Қауіп-қатер расталса, Toyota компаниясы қарашадан бастап көлік иелерін хабардар ете бастайды.

Кейбір көліктердің артқы осьтік мойынтіректеріне арналған бір немесе одан көп болттары жинақтау кезінде жеткілікті деңгейде бұралмауы мүмкін. Бұл артқы тежеуіштің қосалқы бөлшектерін зақымдалуына немесе артқы дөңгелектердің ажырап кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Дилерлер мойынтіректің болттарын тексерістен өткізеді, болт ажыратылған болса, бөлшек ауыстырылады деп хабарланды.

 

Дереккөз: Tengrinews.kz