Weekend

«Қазақстан жастары – 2018»: Ұлттық баяндамасы

Жастарға мейірімді мекен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Жастар – қозғаушы күш. Жастар – елдің ертеңі. Олардың жасампаздыққа ұмтылысы, білім шыңына өрмелеп, елге қосар үлесі – жарқын болашақ кепілі. Бүгінде мен білімді де білікті, еңбекқор да отансүйгіш, көк туымызды желбіретіп, ел мерейін асқақтатар жастар! Қазіргі жастар мүлдем бөлек. Олардың бойында жігер, ойларыңда терең ой, жүректерінде жалын бар. Ел болашағы – біздер! Елді өсіретін де, өшіретін де – жастар! Сондықтан білімге ұмтылып, еңбекқор, адал, патриот, талапты болу керек! Елдің тірегі – бірлік пен татулықта. Бастысы – бірлік болса, қандай мәселе болмасын, шешімін табады. Ал, бірлік жоғалса, ел елдігін, беріктігін жоғалтады. Жастар бірліктің маңызын түсініп, оны алтындай қадірлесе елімізге жау шаппас. Жастар– қоғамдағы өзгерістердің басты факторы. Қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымын айқындайтын бұл күш қазіргі қоғамның дамуына катализатор болып табылады. Қазақстанның болашағы негізінен жастардың білім деңгейіне, олардың құндылықтарына, мінез-құлқына, әлеуметтік қызметке, әлеуметтік үрдістерге қатысу дәрежесіне байланысты.

Ұлттық баяндама мемлекеттік органдарға, жастар ресурстық орталықтарына, қоғамдық және жастар бірлестіктеріне, білім беру мекемелеріне, бұқаралық ақпарат құралдарына, мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыруға мүдделі барлық адамдарға арналған. Бұл ұлттық баяндаманың жаңашылдығы – мұнда жаңа бөлімдер қамтылған: шет елдердегі жастар саясатын іске асыру стратегияларына және озық тәжірибелеріне шолу; «Жастарға мейірімді мекен» Қазақстан жастарының даму индексі.

Баяндама бірнеше бөліктерге бөлініп қарастырылған.Жастардың саны және жыныстық-жастық құрылымы. Жастар арасындағы бала туу, өлім-жітім мәселесі.Жастар арасындағы неке,ажырасу. Жастарды қолдау саласындағы халықаралық ұйымдар қызметінің жұмысы. Өскелең ұрпақтың денсаулығы және бос уақыты . Жастардың салауатты өмір салты, спорттық-сауықтыру жұмыстары. Жастар арасында өзіне-өзі қол жұмсау және оның алдын алу Жастардың бос уақытын өткізуі секілді көптеген мәселелер қарастырылған.Баяндамадан қысқаша деректер келтіріп кетсек: Елімізде 2017 жылдың соңына қарай 2016 жылмен салыстырғанда жастар арасындағы туу көрсеткіші 6,0 %-ға (14 259 адам) төмендеген. 2014 жылдан бастап бала туу деңгейінің төмендеуі байқалады. Мәселен, 2017 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 30 119 сәбиге дүниеге аз келген. 20-24 жас санатындағы қала жастарында 2014-2017 жылдар аралығында, сондай-ақ 25-28 жастағы ауылдық жерлерде бала туудың тұрақты өсу үрдісі байқалады. 2014 - 2015 жылдары қала жастарының өлімі ауыл жастарына қарағанда жоғары болды. Алайда, 2016-2017 жж. қарама-қарсы үрдіс байқалады: ауыл жастары арасында өлім басым. Жасөспірімдер мен жастардың алкогольді тұтыну проблемасы қазіргі заманғы қоғам үшін өте маңызды, өйткені ол жас ұрпақтың денсаулығына, өмір сүру ұзақтығына, жұмыс қабілеттілігіне және т.б. әсер етеді. Алкогольді ұзақ мерзімді және жиі қолданылу алкоголизмге әкелуі мүмкін. Алкоголизм − созылмалы ауру, ол алкоголді ұзақ уақыт қолданып, психикалық және физикалық денсаулығының бұзылуына, сондай-ақ әлеуметтік бейімсізденуге әкеліп соғатын алкогольге тәуелділікпен сипатталады. Жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау қазіргі таңдағы ең актуалды мәселе. 15-17 жастағы жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы байқалғандықтан олармен жұмыс істеу мәселесі қаралып отыр. Бұл баяндамада аталмаған мәселелер нақты факт және статистикамен аталып көрсетілген.Баяндаманың өзектілігі жастар мәселесі, өмірі, тұрмыс тіршілігі жайында.Дегенмен жастар ел болашағы.Жастарымыздың өміріне бей-жай қарамауымыз керек!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын. Жалпы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады. Елімізде соңғы жылы жоғары оқу орындарында тәрбие беру мәселесіне жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды және студенттердің патриоттық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік, тәрбиелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды.Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес.Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады. Ендеше, үлкен қолдау барда жалынды жастарға бейқам жатуға болмайды. Жігерленіп жұмыс жасап, ел дамуына өскелең ұрпақ өз үлесін қосуы тиіс.Бұл жолда еш аянбауымыз қажет.