Bugin

Украина қарулы күштері бір тәулікте жаудың 10 әуе нысанын жойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өткен тәулікте Украина Қарулы Күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғанысы ресейлік 10 әуе нысанын жойды. Бұл туралы Украина Қарулы күштері Бас штабының баспасөз орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

- «Алдыңғы тәулікте жаудың 10 әуе нысаны жойылды: екі Су-34 бомбалаушы, үш Су-34СМ жойғышы, үш тікұшақ және жедел-тактикалық ұшқышсыз ұшу аппараты», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, құлаған тағы бір ұшақтың түрі мен ұшқыштардың қазасы туралы ақпарат нақтыланып жатқаны айтылды.

- «Украина Қарулы Күштерінің Әскери-әуе күштерінің бөлімшелері басқыншылардың авиациясын әуеде үстемдік ету мүмкіндігінен айыру үшін белсенді әрекеттерін жалғастыруда», - деп қосты Бас штаб.