Bugin

Елбасының көмекшісі қызметінен босады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Данияр Ақышев Елбасының көмекшісі қызметінен босатылды. Бұл жайлы Елбасының ресми сайтында хабарланды.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі қызметінен босатылды", – деп жазылған Елбасының ресми сайтында.

Данияр Ақышев 1976 жылы 25 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1996 ж. – Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын экономист мамандығы бойынша (мамандығы - банк ісін ұйымдастыру) үздік бітірген. 1996 жылдан бастап 2007 жыл аралығында әр түрлі елдерде, оның ішінде АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Австрия, Түркия және т.б. елдерде халықаралық қаржы ұйымдары мен институттары өткізген курстар мен семинарларға қатысқан.

2019 жылдың 9 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы көмекшісі болды.