Bugin

Ресей Қазақстанмен шектесіп жатқан құрлық шекарасын ашты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей 30 наурыздан бастап Қазақстанмен шекарасын ашып, азаматтардың кіріп-шығуын жеңілдетті. Бұл жайлы ТАСС агенттігі жазды.

"Коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі жедел штаб 2022 жылдың 30 наурызынан бастап Қазақстан мен Моңғолия арасындағы құрлық шекарасын ашып, шектеу шараларын алып тастау туралы шешім қабылдады. Енді Қазақстан азаматтарының Ресейге кіруіне және Ресей азаматтарының Ресей-Қазақстан шекарасының құрлық учаскесі арқылы, сондай-ақ Моңғолия азаматтарының Ресейге және Ресей азаматтарының Моңғолияға құрлық учаскесі арқылы кіріп-шығуына кедергі болмайды", - делінген штаб таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ ресей билігі шекарасынан шетелдік азаматтардың да кіріп-шығуына тосқауыл болмайды деп отыр.