Қоғам

Қазақстандағы Kinopark пен Kinoplexx жұмысын тоқтатпайтын болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Kinopark және Kinoplex кинотеатрлар желісі 1 сәуірден бастап жұмысын тоқтатпайды. Бұл туралы желі басшысы Алмаз Малдыбаев Instagram желісіндегі Kinopark ресми парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Kinopark және Kinoplexx кинотеатрларының жабылуы туралы сөйлеген сөзімнен және студия өкілдеріне бірнеше рет хат жазғаннан кейін алғашқы нәтижеге қол жеткіздік. 24 наурызда басталуы тиіс «Морбиус» фильмі 31 наурызда басталатын болды. Сондай-ақ олар «Доктор Стренж» фильмінің дубляж жұмыстары да жүріп жатыр және аяқталады деп сендірді. Сәуір-мамыр айларында бізде фильмдер көрсетіледі», - деді Алмаз Малдыбаев.

Мәдениет және спорт министрі Дәурена Абаев та Малдыбаев атап өткендей, студия өкілдеріне алдағы екі-үш айда кинотеатрлар фильмдермен қамтамасыз етілетінін айтты.