Bugin

Қазақстанда бензин арзандай ма? – министр жауабы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемдегі геосаяси жағдайларға байланысты  Ресейдің мұнайы мен газы, бензині арзандап жатыр. Соған орай Қазақстанда да бензин бағасы түсуі мүмкін бе? Бұған елдің энергетика министрі Болат Ақшолақов пікір білдірді.

"Ресей Федерациясындағы бензин бағасы арзандағанымен, Қазақстанда бензин одан да арзан. Қазақстандағы бензин көрші елден шамамен 100 теңге арзан. Қазіргі АИ-92 бензині – 182 теңге, АИ-93 маркасы – 215 теңге,  АИ-95 маркасы – 230 теңге мен  дизель бағасы – 260 теңге. Баға әзірше осы күйде қалмақ", - дейді Ақшолақов.

Оның айтуынша, Қазақстандағы бензиннің бағасы – әлемдегі ең арзан жанармайдың бірі.

"Қазақстан – бензині арзан әлемдегі бес мемлекеттің бірі", - деп атап өтті министр.