Спорт

Хабиб Нурмагомедов ақша мен шоуға қызыға бастады ма?

Флойд Мейвезер және UFC

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Лас-Вегас қаласында тарихта қалатын жекпе-жектердің бірі Конор МакГрегор мен Хабиб Нурмагомедов арасындағы кездесу өтті. Нәтижесінде арыстандай ақырып жүрген Конор жеңіліс тапты.

Жекпе-жек біткен соң арты дауға ұласты. Сарапшылардың екі ойы пайда болды: дайын сценарий бойынша және аяқ асты туындаған мәселе ретінде қарастырды. Спорт – мәдениеттің бір түрі. Алайда, оның бизнеске, шоуға айналып кеткенін көзқарақты көрермен жақсы біледі.

UFC тарихындағы үлкен жеңіске қол жеткізіп қана қоймай, шоу жасаудың үлгісін алып келген Конор МакГрегор тор ішінен қарсылас таба алмаған соң, қолына былғары қолғап киіп, боксқа шықты. Қарсыласы – Флойд Мейвезер.

2017 жылдың 26 тамызы күні нағыз шоу болды. 10 раундтқа созылған жекпе-жекте өзінің үйінде жүргендей Конорды соққыға алған Мейвезер жеңіске жетті. Не ұтты? Әрине ақша мен шоу.

 

Мейвезер – 100 миллион доллар, Конор – 30 миллион доллар алды.

Бокстан абырой емес ақша тауып кеткен Конор қайтып UFC торына келді. Бұл жолғы қарсыласы – Хабиб Нурмагомедов. Мейвезер мен Конор арасындағы жекпе-жекке қарағанда осы кездесуді әлем асыға күткен секілді. Әрине, бәрі күткендей болған жоқ. Мейвезермен тіс қағысып келген Конор Хабибты «ұйықтатады» деп сеніп келген букмекерлік кеңеселер мен көрерменнің ләззатын төртінші раундта Хабиб талдыру әдісімен құртқан болатын. Жеңіс Хабибтың еншісінде кетті. Ең қызығы жай кеткен жоқ, шоу аралас шумен кетті.

 

UFC президентіне «ақшаңды ала бер», «менен айрылып қаласыңдар» деген түрлі жауап жолдаған Хабибке рух бітсе керек, енді міне Конордың артынан Мейвезерді жекпе-жеке шақырып отыр.

Флойд Мейвезердің бокстан UFC спортына келуі мүмкін деген түрлі әңгімелер шыққанын, оның әлеуметтік желіде дайындалып жүргенін бейнелейтін видеоларды да көрдік. Алайда, әңгіменің төркіні мүлде онда емес.

«Флойд алға! Мен жекпе-жекке шығуға дайынмын: 50-0 қарсы 27-0. Екеуіміз де жеңіліп көрмегенбіз. Неге бірге шықпасқа? Джунглиде тек бір ғана патша бар, ол – мен, себебі мен Конорды оңай жеңдім, ал ол жоқ»,-деп пікір білдірген Хабибтың көксегені не?

 

Конормен болған жекпе-жекте Хабиб – 1 миллион доллар, Конор – 3 миллион доллар алған болатын. Оның үстіне Хабибтың ақшасы бұғатта жатыр.

Сонымен, Флойд Мейвезер шақырғанның уысына  түсетін спортшы емес. Бәріне керегі – ақша және шоу.

Хабиб Нурмагомедов UFC президентіне жолдаған ақша жайлы пікірін Мейвезерден өндіріп алғысы келген болар. Оның үстіне миллион доллар мен миллиондаған доллардың арасында үлкен айырмашылық бар ғой.

 

Дәл қазіргі ақпаратқа келсек, Хабиб кездесуден бас тартқан. Себебі Лас-Вегасқа барса оның ақшасын бермей қоятынын алға тартқан Нурмагомедов, спорттың тек ұрыс майданы емес, жақсы жағдай жасайтын орта екенін түсінген секілді.