Спорт

Әлімханұлы титулдық жекпе-жекке келісті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының ұлыбританиялық боксшы Дэнни Дигнуммен титулдық жекпе-жегі кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегі болмақ. Ол ESPN арнасында көрсетіледі. Бұл туралы Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

WBO "уақытша" чемпионының белбеуі үшін жекпе-жек 21 мамырға келісілді, дейді инсайдер Дэн Рафаэль.

- «Сейсенбіде Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнумға орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша уақытша титулға арналған промоутерлік сауда жойылды және келісім жасалды. Олар 21 мамырда ESPN арнасының негізгі жекпе-жегінде кездеседі. Мұны маған аты аңызға айналған Карл Моретти айтты. Орын анықталып жатыр», - деп жазды инсайдер.

IBF және IBO белбеулері Геннадий Головкинге тиесілі. Осы салмақтағы уақытша WBO титулына Әлімханұлы мен Дигнум таласады.