Bugin

Алматыда қазақ қыздарына арналған нетворкинг кездесуі өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда «Қазақ әйелі: Кеше. Бүгін. Ертең» нетворкинг кездесуі өтеді. Оған қаладағы жоғарғы оқу орындарының студенттері қатыспақ. Нетворкинг Алатау дәстүрлі өнер театрының коворкинг залында /Alatau Creative Hub (Алматы қ., Нұркент, 5/11.) 2 сәуір күні сағат 14.00-де басталады. «BUGIN ASSOCIATION» Қоғамдық бірлестігі және «Hanym Kazakhstan» қыз-келіншектерді дамыту орталығының арнайы ұйымдастырумен өтпек.

Шараның бас ақпараттық серіктесі «Börté media». Іс-шараға еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген және отбасының түтінін түзу түтетіп отырған көшбасшы әйелдер (кәсіпкерлер, ғалымдар, өнер мен қоғам қайраткерлері, дәрігерлер, түрлі кәсіп иелері) мен Алматы қаласы барлық ЖОО-ң «G38 студенттік жастары» және БАҚ өкілдері қатысады.

«Қазақ әйелі: Кеше. Бүгін. Ертең» нетворкинг кездесуінің мақсаты – қазіргі таңдағы қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі мен кеше және бүгінгі қыз-келіншектердің отбасындағы құндылығы мен ұрпақ тәрбиелеудегі маңыздылығын ұғындыру мен ана мен балаға әлеуметтік қолдау көрсету. Қоғам мен мемлекет дамуына үлес қосып жүрген дара әйелдерді насихаттау. Іс-шара спикерлері – танымал дизайнер, бизнес-леди Аида Кауменова, тележурналист, HUAWEI компаниясының PR бөлімінің басшысы Айман Сахова, кәсіпкер Маряша Серікқызы, танымал тележүргізуші, отандық брендтің, қазақ оюларын насихаттауға үлесін қосқан кәсіпкер Жанат Бақыт, сценарист, танымал журналист Перизат Мырзахмет, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ доценті Гүлмира Алтынбаева, «Borte media» сайтының бас редакторы Айжан Қалиева.