Саясат

Күләш Шәмшидинова білім және ғылым министрі болды

Ерлан Сағадиев қызметінен кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Премьер-министр кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергенов Қазақстан премьер-министрінің тапсырмасы бойынша комитет мүшелеріне білім және ғылым министрі қызметіне Күләш Шәмшидинованы ұсынды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

Шәмшидинова бұған дейін "Назарбаев Зияткерлік мектебі" АҚ-ның басқарма төрайымы қызметін атқарған еді. Ол 1958 жылы 4 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 1979 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетін бітірген. Түрлі жылдары химия пәнінің мұғалімі, орынбасар, мектеп директоры болып жұмыс істеді. 1996 жылдан 2002 жылға дейін - Талдықорған әкімінің орынбасары. 2002 жылдың ақпанынан 2005 жылдың мамырына дейін - ҚР білім және ғылым вице-министрі. 2005 жылдың 23 мамырынан 2007 жылдың сәуіріне дейін - "Бөбек" ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры. 2007 жылдың сәуірінен 2009 жылдың қазанына дейін - ҚР білім және ғылым вице-министрі. 2009 жылдың қазанынан 2019 жылдың ақпанына дейін - "Назарбаев Зияткерлік мектебі" АҚ-ның басқарма төрайымы.