Bugin

Әлемнің ең бай екі адамы маңызды мәселе бойынша ақылдасты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемнің ең бай екі адамы Илон Маск пен Джефф Безос Twitter штаб-пәтерінің көмегімен АҚШ-тағы баспанасыздық мәселесін шешуді ұсынды. Бұл туралы Bigun.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында Twitter-дің 9,2 пайыз акциясын сатып алып, компанияның директорлар кеңесіне кірген Илон Маск Twitter-дің штаб-пәтерін үйсіздерге арналған баспанаға айналдыруды ұсынды.

Кәсіпкер «әлеуметтік желінің бас кеңсесіне бәрібір ешкім келмейтінін» атап өтіп, дауыс жинауға кірісті.

Дауыс берген 1,85 миллион қолданушының 91 пайыздан астамы бизнесмен идеясын қолдаса, 8,5 пайызы қарсы болған.

Илон Масктың ұсынысын Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос та қолдады.

Безостың айтуынша, штаб-пәтерді толығымен болмаса да, оның кем дегенде бір бөлігін осы мақсатқа арнауға болады. Ол жазбаға Amazon компаниясының Сиэтл кампусында үйсіздерге арналған баспананың ашылуы туралы GeekWire мақаласының сілтемесін тіркеді.

Безостың айтуынша, бұл бастама керемет нәтиже берді және ерікті болғысы келетін қызметкерлерге жұмысты жеңілдетеді.

- «Тамаша идея», - деп жауап берді Маск.