Редактор бағаны

Ағылшын тілі сіз ойлағандай қиын емес

Ағылшын тілін меңгеруге асығыңыз!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Достар, менің есімім Ақбаян. Мен журналистика факультетінде оқимын. Бос уақытымда ағылшын тілінен сабақ беремін. Өте жақсы табыс. Неге дейсіз бе? Себебі, өзіңді дамыта отырып, өзгеге ге үйреткенге не жетсін? Бүгінгі таңда ағылшын тілінің маңыздылығы баршамызға белгілі. Осыны жас та, кәрі де біле тұра неліктен тіл білуге ұмтылмайды екен?

Бүгінгі жаһандану заманында біз заманға сай сауатты болуымыз тиіс. Ол үшін мүмкіндіктер де көп. Жүсіпбек Қорғасбек ағамыз бір дәрісінде «интеллектуалды жалқау» деген тіркесті айтқан болатын. Қазіргі заман расында жалқаулар заманына айналып барады.

Мен сізге мынадай сұрақ қояйын: «ағылшын тілін қаншалықты жақсы меңгергенсіз? Өзіңізге көңіліңіз тола ма? Толмаса, неге өзіңізді дамытпайсыз?

Біз «Күнделікті өмірде ағылышын қаншалықты жиі қолданамыз?» - деген сұраққа: «өте сирек, аз, жиі емес, тек ағылшын курсына баратындар ғана қолданады» - деп жауап беріп жатамыз. Ал мен бұл пікірмен келіспеймін. Неге дейсіз бе? Себебі, күнделікті өмірде тіпті, үйде отырған әйелдің өзі де кемінде үш сөзді ағылшын тілінде айтады. Яғни, қоршаған ортамыздың бәрі ағылшын тілімен тікелей байланысты. Ол қалай деqсіз бе? «Tide, fairy, vanish, computer, notebook, comeback, backstage, level, timer, time management, manager, done, down, loser»деген сөздерге қалай қарайсыз? Осы сөздерді айту барысында аудармасына қызығып көрдіңіз бе? Қызыққандар саны саусақпен санарлықтай шығар. Мысалы, «Tide» деген сөздің «ағыс» деп аударылады. «Vanish» - «жоғалу, жою» деген аудармаға ие. «Level»-«деңгей», «comeback» - «артқа қайту», «backstage» - «сахна артында» деп аударылады және айта берсек бұл сөздер қатарына көптеген бүгінгі күннің термин, жаргон сөздері ене береді.

Жолдастар, менің айтпақ ойым қандай? Біз бүгінгі дамыған заманда, білім заманында ағылшынша сауатты болуымыз міндетті. Неге дейсіз бе? Себебі, ағылшын тілін жетік білетін маманды орыстар айтпақшы «руками ногами» алады. Бұл сіздердің болашақтарыңыз. Сіздердің болашақтарыңның жарқын болу, болмауы тек өздеріңнің қолдарыңда. Адамның өзін-өзі дамытудағы шектеуі тек өзінің басында, ойында ғана. Төрт бес жыл бұрын Skype арқылы сабақ оқы тренд болатын. Мен сол трендке ілесіп, тіпті, сол тренді өзім үшін табыс көзіне айналдырғандар қатарынанмын.

Ертеңгі күнің үшін бүгін жұмыс жаса!