Неге Батыс, Шығыс Қазақстан өңірлерінде "қалың мал" берілмейді?

"Қалың мал" беру ескілік пе? "Қалың мал" беру қаншалықты маңызды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қалыңдық сөзінің түп-төркіні "қалың" - көп, мол деген мағынаны беретін сөзден шығып тұр ғой деп ойлаймыз. Сонда "қалың" - дық-" қалың малға, көп, мол малға келген" дегенді білдіретін болып шығады. Ал "- дық,-тық, -лық" жұрнақтары сол түбір сөздің семантикасынан пайда болады.  Мысалы , қазақта " қалыңдық" сөзіне ұқсас "жуан-дық" деген сөз бар. Жуан - бай, белді, әлеуетті адам; жуан - дық сол адамның байлығына, белділігіне, күшіне сүйеніп істеген әрекетін айтады. 

Қазақ дүниетанымында әр нәрсенің өзіндік құны , өзіндік бағасы бар: арзан нәрсе - сапасыз, қымбат нәрсе - қашанда сапалы. Қазақта: "арзан нәрсенің жілігінің майы татымайды" деп білдіреді. Қалың малдың бұрын соңды қазақта болғандығына мына бір тамаша мақал дәлел болсын: 

Көп беріп көргенді жерден қыз алсаң, 

Тік тұрып , мейманыңа қызмет етер,

Аз беріп, көргенсіз жерден қыз аслан,

Қойныңа жатқанды міндет етер. 

Бұрынғы қазақ 47-сін матап, қалың малын төлемесе қызын бермеген. Бірақ Совет өкіметі кезінде дәстүрлі қазақ қоғамында әйел адамның қадір-қасиетінің өлшемі ретінде есептелетін қалың мал туралы сөзді ауызға алудың өзі мүмкін болмай қалды. Қалың мал төлеу-ескіліктің  қалдығы деді. Десекте,   Абай атамыз өзіне тоқтау салу мақсатында шығарған мына өлеңінде қалың малдың рөлін байқаймыз:

Сап, сап көңілім, сап көңілім,

Сағынышқа сарғайма!!!!

Жай жүрсең де , қыз қумай,

Сені біреу қарғай ма?

" Қыз іздесең қалың бер,

Мұным ақыл болмайма" ??

Абай атамыз айтып тұр " Қыз іздесең, қалың бер" дейді.   Қазақ тіліндегі " қымбаттым, қадірлім " әйел адамдарға айтылған сөздерді алайық.  Біз бұл сөздердің тек сыртқы мән мағынасына үңілеміз, біз бұл сөздердің экономикалық маңызы бар екенін ескермейміз.  Қазақ қоғамында ер жігіттің болашақ жарының сапасы көп жағдайда оған берілетін "Қалың малдың " аздығы мен көптігіне байланысты болғанын көреміз. Жалпы , Батыс , Шығыс өңірлерінде "қалың мал" берілмейтінін естіп жатамыз. Бұл енді Кеңес үкіметінің саясатынан қалған бір ескілік, кертартпалық. Кейде "қалың мал"-ды қызды сату дұрыс емес, ол зат емес деп санамыздың төмен екенін көрсетеміз. Сондықтан, жоғарыда айтып өткендей "қалың мал" берілуіп, қайта жандануы керек.