Саясат

Мектеп асханасында жасалатын тойдың ақысын игеру керек

Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның пікірі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сенат депутаты Дариға Назарбаева Алматы қаласындағы М.Мақатаев атындағы мектептің ұстаздарымен кездесу барысында, мектеп асханаларында той жасап, оның ақысын ресми түрде білім ордасына аудару туралы айтты,-деп хабарлайды КТК арнасына Bugin.kz сілтеме жасап. 

Дариға Назарбаева жас журналистерге шеберлік сағатын өткізді Жолдауды ұстаздарға жан-жақты түсіндіруге келген сенатор білім ордасындағы асхана, спорт зал және ойын алаңдарын жалға беруді ұсынды. Дариға Нұрсұлтанқызы сабақ аяқталып, барлық оқушыны үйге жібергеннен кейін мектептен қосымша табыс табу керектігін жеткізді. Ал түскен пайда мұғалімдердің жалақысына қосылуы тиіс дейді сенатор. Сондай-ақ, білім ошағының арнайы қонағы болған Дариға Назарбаева ұстаздардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

– Ауылдар мен кей өңірлерде мектеп асханасында дастархан жайып, дүбірлетіп той жасайды. Енді осы тойдың ақысын ресми түрде мектеп бюджетіне аударсақ деймін. Менің айтып отырғандарым Білім беру бағдарламасында қарастырылған,-дейді сенат депутаты.