БІЛІМ

Американың Пенсильвания штатында тұңғыш қазақ мектебі ашылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Американың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында тұңғыш қазақ мектебі ашылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ztb.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл мектепте АҚШ-та туып, өсіп келе жатқан қазақ балалары ана тілімізбен және төл тарихымызбен сусындап, салт-дәстүрлерімізді санасына сіңіріп, Әнұранымызды шырқап, Құран сүрелерін жаттап, домбыра үйренетін болады.

Мектепке 6-16 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен жасөспірімдер қабылданады.

Айта кетейік, аталған қазақ мектебінің құрылтайшысы – Пенсильвания штатындағы Kazakh American қауымдастығының президенті Жұлдызай Исмаилова.

Сонымен қатар өткен жылы Жұлдызай Исмаилованың ұйымдастыруымен АҚШ-тағы қазақтар Наурыз мерекесі мен ҚР Конституция күнін Филадельфия қаласында  атап өткен болатын.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.