Әлем

Жоғарғы Рада: Ресейдің Украинадағы әрекеті геноцид деп танылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина Жоғарғы Радасы Ресей армиясы мен Ресейдің саяси және әскери басшылығының Украина халқына жасаған әрекетін геноцид деп танитын жарлық қабылдады. Бұл туралы Рада сайты хабарлады, деп жазады Bugin.kz порталы.

Құжатты депутаттардың 363-і қолдап дауыс берді.

«Ресей қарулы күштерінің әрекеті қылмыстық агрессия ғана емес, оның мақсаты - украин халқын жою» деп жазылған жарлық түсіндірмесінде.

Құжатта Рада депутаттарының үндеуі БҰҰ, Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы, Еуропарламент, ЕҚЫҰ және НАТО ұйымдарына, сонымен бірге мемлекеттердің үкіметтері мен парламенттеріне жолданатыны айтылған. Рада олардан Ресей әскерінің Украинадағы әрекетін украин халқына жасалған геноцид деп тануын сұрайды.

Бұған қоса, Украина парламенті Z және V белгілеріне тыйым салу туралы жарлық қабылдады. Оларды киімге, әлеуметтік желіге, БАҚ-қа, жарнамаға, қоғамдық орындарда жазуға болмайды.

Буча қырғынынан кейін Ресейге Украина халқына геноцид жасады деген айыптар тағыла бастаған. Бірнеше апта Ресей әскерінің бақылауында болған Буча қаласында орыс әскері кеткеннен кейін бейбіт тұрғындардың мәйіттері табылған. Соңғы мәлімет бойынша қаладан 403 мәйіт табылған. Олар Ресей әскерінің қолынан қаза табуы мүмкін.