Саясат

Ана тілінің абызы, академик Қайдар Туғанбайұлы дүниеден өтті

Тілім деп өткен ер еді...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ана тілінің абызы, қара көздің қаймағын алған, академик Қайдар Әбдуәли Туғанбайұлы дүниеден өтті. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы хабарлайды. 

Қазақ тіл білімінің көрнекті маманы, белгілі түркітанушы, Шоқан Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлықтың иегері (1971), Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1982), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (1983), Түркияның «Türk Dil Kurumu» лингвистикалық қоғамының құрметті (академик) мүшесі (1989), Башқұртстан ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі (1991), ҚР Президенті жанындағы ішкі саясат комитетінің мүшесі (1995), Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрметті президенті (2004), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері, филология ғылымдарының докторы, профессор Қайдар Әбдуәли Туғанбайұлы өзінің саналы ғұмырының кейінгі жарты ғасырынан астам уақытын тіл білімі саласында үзбей қызмет етті.

Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдар 1924 жылы 13 желтоқсанда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Талдыбұлақ ауылында қызметкер отбасында дүниеге келген. 1942 жылдың мамырында қазақ орта мектебінің 9 сыныбын және он айлық педагогика курсын аяқтасымен, өз еркімен сұранып майданға аттанды. Майдандағы жауынгерлік ерлігі үшін Ә.Қайдар ІІІ дәрежелі «Даңқ» (1944), І дәрежелі және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» (1944), екі мәрте «Қызыл Жұлдыз» (1945) ордендерімен және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Москваны қорғағаны үшін» т.б. медальдармен марапатталған.