Bugin

Ресей: «Қазақстан неліктен парад өткізбейтінін түсіндірсін!»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей саясаткерлері елімізде Жеңіс күніне байланысты әскери шерудің болмайтынын қате деп танып, түрлі болжамдарын айтуда. Бұл туралы Bugin.kz порталы abai.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың көбісі «Қазақстанда коронавирустың таралуы азайды, алайда шерулер мен акцияларға тыйым жатқаны дұрыс емес», деп айтып жатыр.

– «Ешқандай дау жасаудың қажеті жоқ, тек мәселенің басын ашып алу керек. Қазақстан 9 мамырдағы Жеңіс парадына қатысты шешімін ресми түрде дипломатиялық жолмен түсіндіру керек», – деді Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Николай Новичков.

Оның айтуынша, Қазақстан шешімін өзге елге түсіндіруге міндетті.