Bugin

Қорғаныс министрі: Бір әскери шеру өткізуге шамамен 4 млрд теңге керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанда әскери шеру ұйымдастыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Қарулы Күштерінің алдында маңызды міндеттер тұр. Оларды Жоғарғы Бас қолбасшы айқындап берді. Бәрін жүзеге асыру және бюджеттен қаражат сұрау – бәрі шығын. Мәселен, жанар-жағармай материалдары, іссапар шығындары, жеке құрамның тамақтануы бар. Жақында ғана оқу-жаттығуын аяқтадық. Мұнда бізге оқу-жаттығу өткізіп, жауынгерлік қабілетімізді тексеру маңызды ма, әлде шеру жасау ма? Бұл ретте біз Жоғарғы Бас қолбасшының тапсырмаларын ескеріп, Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығымен айналысқан орынды деп санаймыз», - деді министр.  

Сонымен қатар ведомство басшысы «Қазақстан бұдан былай шеру өткізбейтін болды ма?» деген сұраққа жауап берді.

«Бәріміз түсінеміз, шеру өткізу – патриоттық сезімді көрсетудің бір жолы. Бұған дейін пандемия болғанын білесіздер, онда шеру жасайтын мүмкіндік болмады. Ал қазір біз жауынгерлік қабілетімізді арттырумен айналысып жатырмыз. Келесі жылы экономикалық жағдайымыз мүмкіндік беріп жатса, шеру өткіземіз. (...) Жалпы бір шеру өткізуге орта есеппен 4 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады», - деді Жақсылықов.