Bugin

Қазақ балуаны грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Мейіржан Шермахамбет чемпион атанды. Бұл жайлы ҚазАқпарат ХАА жазды.

Қазақстандық балуан 67 келіде оңтүстіккореялық Хан Сю Рюдың осал тұсын тапты. Ол қарсыласын 4:0 есебімен тізе бүктірді. Корейлік балуан бұған дейін екі дүркін әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді.

Бұл қазақстандық балуандардың құрлықтық додада алған екінші алтын медалі. Бұдан бұрын 19 сәуірде Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия біріншілігінде алтын медаль алды.

Енді ел құрамасынан бүгін Абылайхан Әмзеев (72 келі) және Диас Қален (82 келі) финалда белдеседі.

Сондай-ақ, бүгін жұбаныш белдесуінде ел құрамасынан Санжар Серікхан жапониялық Такахиро Сурудамен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, 19 сәуірде грек-рим күресінен қазақстандық балуандар бір алтын, үш күміс, бір қола алды.