Спорт

«Қайрат» бабын таба алмаған бапкермен қоштасты

Келесі кім?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Алматылық «Қайрат» футбол клубының бапкері Карлос Феррер жұмысынан босатылды. Бұл туралы «Қайрат» клубын бақылаушы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев мәлімдеді.

 

«Бүгін Феррермен келісімді үздік. Ол алдыға қойған міндетті орындай алмады. Ол жақсы маман, алайда тәжірибе жетіспеген секілді. Одан бөлек тілдік қиындықтар да туындады. Біз соңғы кездері жастардың өсуіне мән беріп жатырмыз.

Біз бүгін Германияның ұлттық құрамасының бапкерімен бағыт-бағдар беру бойынша келісім жасадық. Оның 19 жылдық тәжірибесі бар. Ол академиядағы ойыншыларға кеңес беретін болады. Егер Феррер бірінші болған кезде, біз оны қалдыратын едік. Тек біреу ғана бар деген түсінік жоқ. Жаңа бапкер неміс маманы болады. ол команданы осы чемпионат біткенше жаттықтырады. Ал уақытша «Қайратты» Андрей Карпович қолға алады. Оның да жұмыс істеуге ниеті бар және жұмыс тәжірибесі де жоқ емес. Ал Карповичтың алдында Қазақстан Кубогын ұтып алу міндеті тұр», – деп Қайрат Боранбаев атап өтті.

Карлос Феррер 2017 жылдың жаз айынан бастап «Қайрат» клубын жаттықтырып келді.