БІЛІМ

ТҰЛҒА БАҒЫТТЫЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жалпы және қолданбалы психология кафедрасы «Тұлға психологиясы» саласын теориялық-практикалық тұрғыдан қалыптастыруға бағытталған.

Тұлға бағыттылығы тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын түрткі-ниеттер жиынтығы.Тұлғабағыттылығыоныңмүдделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталынып, адамның дүниетанымынан білінеді. Тұлға бағыттылығы дамумен өзгешеленіп, алдыға қарай жылжу, өзгеріс дегенді білдіреді.

Тұлғаның дамуы – тұлғаны қоғамдық өмірдің әртүрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді және жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы,  ақыл-ойы, еркі, сезімі мен логикалық-эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары, тұлғааралық  қатынастар мен ерекшеленеді.

Тұлғааралық қатынастарда адамдардың өзараәрекететуі бұл, адамдардың бірін-бірі түсінуімен қабылдауы мен тұлғааралық  тартымдылық және мінез-құлық жатады.

Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, оның бір-біріне деген әртүрлікөзқарастарысезімдернегізіндеқалыптасады. Тұлғаның эмоциялық көрінісі үш деңгеймен қарастырылады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер. Тұлғааралық қарым-қатынаста көбінесесезімдергебасакөңілаударылады. Олар әлеуметтік сезімдермен өлшенеді.Олар қоршаған ортамен өзара эмоционалды әрекет етеді.

Тұлғааралық қарым-қатынас барысында адамның жеке ерекшеліктерін көрсететін коммуникативтілік төзімділік болады. Коммуникативтілік төзімділік коммуникаторлар мен онымен қарым-қатынасқа түсетін тұлғалардың ерекшеліктеріне тәуелді. Қарым-қатынас жасауға ықпал ететін тұлғаның интеллектуалдық, құндылық, этикалық, эстетикалық,эмоциялық, сенсорлық, энергодинамикалық және мінез-құлықтық ерекшеліктері адамдар арасындағы қатынастардың төзімділігін анықтайды.

Адамның психологиялық табиғаты ол қоғамдық қарым-қатынастар жиынтығынан құралады. Ол тұлғаның әлеуметтенуімен, әлеуметтік тәжірибелерді меңгерумен байланысты. Әлеуметтік ортада адам өзінің бағыттарына сәйкес әрекет етеді.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының

                                                            аға оқытушысы Қ.Қ.Сайлинова

психология ғылымдарының кандидаты,

профессор м.а. Н.С. Жұбаназарова