Weekend

Әлемдегі ең қиын да, қауіпті жолдар

Абай болыңыздар!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі кезде адам өліміне себепші болатын жайттардың бірі - транспорт. Соның ішінде жеңіл көліктерге арналған түрлі бағыттағы тасжолдар. Қаншама адамның өмірін осы жолдар жалмауда.


Ал, сіздер әлемдегі ең қауіпті жолдарды білесіздер ме? Олар ең көп өлім кездесетін жолдар.


Италияда Стельвио пасс деген жол. Ол жол 24 км-ге созылған 48 бұрылыстан тұрады. Оның қар қауіптілігі осы бұрылыстарында екен. Бірден бұрылыс жасағанда көлік жолдан шығып кетіпкен жол апаттары тіркелген. 180 градуста бұрылыс жасайды. Жол тек маусым мен қыркүйек айларында ауа райы жақсы кезде ғана жүруге рұқсат беріледі.


Норвегиялық Атлантерхавсен жолы. Жол өте әдемі. Әсіресе туристерге арналған. Себебі бұл жол дәл теңіздің үстімен 7 км етіп салынған. Жолдың қауіптілігі сол теңізде дауыл тұрып кетсе, шайып кетуі мүмкін.


Қытайдағы Сычуань-Тибет жолы. Қытайда негізінен қауіпті жолдар өте көп. Оның ішінде осы жолда 100 мың жүргіншіден 7 500 адам өлім құшқан. 2000 км-ге созылады.


Солтүстік Индиядағы Лех-Манали жолы. Жол тауда өте биікте орналасқан. Бұл жол Индия мен Тибеттің арасын жалғайтын жол болғандықтан онда туристер көп жүреді. Шамамен 5 км жерді алып жатыр.

Солтүстік Аляскадағы Хайвей джеймс далтон жолы. Ең суық жолдардың бірі. Егер машинаңыз қысқа дайын болмаса, сонымен қатар көлікті жақсы жүргізе алмасағыз осы жолдың ортасында қалдым деп ойлай беріңіз. Жолда аляскалық аңдар жүреді. Жол бойында көмек көрсететін ешқандай орындар жоқ. Сондықтан да жолға шыққанда өміріңізді қыл қылыштың үстіне қойғандай боласыз. Тек ұзақ жолға арналған көліктер ғана сапарға шықса болады.