Bugin

Илон Маск Twitter-ді сатып алды. Ал одан Байден қорқып отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ шенеуніктері мен Ақ үйдің өкілдері Илон Масктің Twitter әлеуметтік желісін сатып алғанынан сескеніп отыр. Бұл жайлы Reuters жазды.

Сескеніп отырғандардың ішінде АҚШ президенті Джо Байденнің өзі де бар көрінеді. Оны Ақ үйдің өкілі Джен Псаки айтып отыр.

«Әлеуметтік желінің сатылғанына қатысты түсініктеме бермей-ақ қойяық. Себебі президент Байденге Twitter-ді кімнің сатып алғаны «қызық емес», қызығы – әлеуметтік желінің ендігі тынысы қалай болмақ деген мәселе. Өйткені Twitter-дің ел өмірінде үлкен орын алатыны жасырын емес», - деп түсіндірді Псаки.

 Оның айтуынша, Байден твиттердің жалған, өтірік ақпараттың тарауына жол беріп қоймай ма деп қана қауіптенетін көрінеді.

«Дезинформацияның тарауына жол бермеу керек. Бұған әлеуметтік желінің өзі жауапты. Байден әкімшілігі желінің Максқа сатылғанына назар аударды. Алда Конгресс сайлауы келе жатыр. Сосын 2024 жылы президент сайлауы өтеді. Маск сол науқанда дезинформацияға жол беріп қоймай деген қауіп бар», - деп сөзін толықтырды Псаки.

Еске сала кетейік, бүгін Илон Масктің әлемдегі ірі әлеуметтік желілердің бірі – Twitter-ді 44 млрд долларға сатып алғаны белгілі болған еді. Бұл жаңалық әлемді біраз тосын жағдайда қалдырды.