Bugin

Қазақстандық жігіт Африкадағы балаларға құдық салып берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтау тұрғыны Жәнібек Жарасұлы 10 күнде бір миллион теңгеден аса қаражат жинап, африкалық балаларға көмек көрсетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Ақтаудағы қазақ-түрік лицейінің түлегі Ыстамбұлда оқуын жалғастырады. Ол қалада Африка балаларына көмектесу туралы үндеулерді жиі көргенін айтты.

«Бірде «Африка медресесінің балаларын қолдау» туралы хабарламаны көрдім. Өзімді кінәлі сезінгенім немесе бойымда болған аяушылық сезімі - мені осындай қадамға итермеледі. Бәрін мұқият зерттеп, қаражат жинауға кірістік. Достарым көмектесті. Қазір Instagram - мүмкіндіктер алаңына айналған. Репосттар арқылы қайырымды адамдар ақша жинады. Жұмыстың негізгі бөлігін бір қыз жасады, алайда өзінің аты-жөнін жарияламауды өтінді», - дейді Жәнібек Жарасұлы.

Олар 10 күнде 1 111 111 теңге жинаған.

Жәнібек Жарасұлының командасы жасаған ауызашарға 620 ауыл баласы қатысты. Сонымен қатар ауыл балалары үшін ең үлкен жаңалық - ауыз су толы құдықтың ашылуы болды.

«Шын мәнінде ақша жинау барысында қатты уайымдадық. Ақшаны жинай аламыз ба, мақсатымызды орындай аламыз ба деген қорқыныш болды. Алайда жақсылық жасау ұлтқа, нәсілге бөлінбейтінін дәлелдей алдық. Бейнеесепті шолып шыққанда бақытты балаларды көріп, жүрегім толқыды. Олар қарапайым тамақ пен суға қуанады. Егер әлемге басқаша көзқараспен қарайтын болсақ, оны жақсы жаққа өзгерте алатындай күшке ие екенімізді түсіндім», - дейді ол.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.