Bugin

Путиннің Мәскеудегі әскери парадта сөйлеген сөзі нені білдіреді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей президенті Владимир Путиннің 9 мамырда Мәскеудегі әскери парадта сөйлеген сөзі оның Украинадағы жеңісін жариялауға еш негіз жоқ екенін көрсетті. Бұл туралы АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Линда Томас-Гринфилд мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы CNN сайтына сілтеме жасап.

- «Оның Украинадағы әрекеттері сәтсіз болды. Ол бірнеше күннің ішінде украиндарды тізе бүктіріп, оларды берілуге ​​мәжбүрлей алмады», - деді дипломат.

Сонымен бірге, Томас-Гринфилд өз сөзінде Путин Ресей әскерлерінің Украинадан шығарылғанын және Украина билігімен келісімге келгенін жарияламағанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл соғыс ұзаққа созылып, тағы бірнеше ай болуы мүмкін екенін көрсетеді.