Woman

Менің ұятқа қалған кезім...

Ұят-иманның бір тармағы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атам қазақ “Өлімнен ұят күшті'' деген. Жалпақ тілмен бұдан артық айту қиын шығар. Қазақ “ұят'' деген ұғымды жоғары қойған халықпыз. Пендеміз ғой. Барлық адамның басынан дерлік өзінің ұятқа қалған оқиғасы естен кетпейтін шығар. Менің ұятқа қалған кезімді баяндайтын болсам, ол жағдай қазақтың тойында орын алған болатын.

Қазақты басқа халықтан ерекшелендіріп те тұратын осы той да шығар.Той жасаудан жалықпайтын халықпыз ғой. Сол тойларда өнер көрсететін өзімнің би ансамбльім бар. Биылғы жаздың шілдесінде , әдеттегідей қыздарымды ертіп, тойға өнер көрсетуге барғанбыз. Той жақсы басталды, халық та жаман емес.Қазақша мен өзбек халқының биін билеп, халықтың ықыласына бөленіп, мәз болып отырған жайымыз. Кейіннен тойдың соңына таман үнді халқының биін билеуге шықтық. Әуен  басталғанда ең бірінші көш бастап алдыға жүгіріп шығатын да мен. Сөз жоқ, би әдемі басталды.Билеп алдына қарай тұра қалдым, артымнан әуенмен ілесе бес биші қыз орындарына келіп билей жөнелді. Ортада тұрып, артқа қарай шапшаң жүгіріп қозғалатын қимылды істеп жатып, көйлегімнің артқы етегіне шалынып, аяғымда тайғанақтап, халықтың алдында оң жақ бүйіріме айналып құладым. Ұят-айй....Сырттан қарап отырған халық не ойлады? Етегіме шалынғанымды байқамады. Масайып билеп, құлап түскен  болар деп ойлады ма екен, кім білсін?! Екі бетім ду етіп, қызарып кеттім. Сонда да , мән бермеуге тырысып, орнымнан тұра салып биді жалғастыра бердім. Жан-жағыма қарасам, тойда отырған адамдар бірі күлсе, бірі жақтырмаған сыңай танытты.Өнер көрсетіп жатқаннан кейін құладым екен деп , тастап кетіп қала да алмайсын. Шынтағымды ауыртып алғаныма қарамастан, образға кіріп, биді әдемі билеп шықтық.Биден соң көрсетілетін шоумен , тойды жандандыра түстік. Той соңында , жасап жатқан тойдың иесі келіп, өзінің ризашылығын білдірген болатын. “Той болған соң, ондай жағдайда болып тұру керек, той сонысымен қызық қой'' -деп , әзілдеп шығарып салды.