Bugin

Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Bugin.kz порталы федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Тасмағамбетов әр жылдары жоғары лауазымды қызметтер атқарған. Премьер-министр, Қорғаныс министрі, Президент Әкімшілігінің басшысы, Мемлекеттік хатшы, Астана және Алматы қалаларының әкімі болды.

Ол 2019 жылы Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінде жүріп зейнетке шықты. Иманғали Тасмағамбетов бұл қызметті екі жарым жыл атқарды. Оның тұсында Мәскеудегі елшілік ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, ВДНХ-да «Қазақстан» көрме павильоны ашылды.