Bugin

Талибтер телеарнадағы жүргізуші әйелдерге беттерін жабуды бұйырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ауғанстандағы тәліптер билігі телекомпаниялардан жергілікті арналардағы жүргізуші әйелдердің эфир кезінде беттерін жабуын қамтамасыз етуді сұрады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Талибанның Мораль және ізгілік министрлігінің баспасөз хатшысы Акиф Махажар мәлімдеді.

- «Кеше БАҚ өкілдерімен кездестік. Олар біздің кеңесімізді қуана қабылдады», - деді Махажар.

Бөлімнен алынған мәлімдемеде бұйрық «қорытынды және талқылауға жатпайды» деп аталады. Бұйрық Ауғанстанның барлық ақпарат құралдарына қатысты.

Жаңа талап 21 мамырдан бастап күшіне енетіні атап өтілді. Алайда бұл өзгерісті сақтамаудың салдары қандай болатыны әзірге белгісіз.

Кейін желіде ауғандық жүргізуші әйелдердің суреттері пайда бола бастады.

Мысалы, Ауғанстандағы Shamshad жеке жаңалықтар арнасы жүргізушінің бетперде киіп, бағдарламаны жүргізу барысында бетін жауып алған суретін жариялады.