Спорт

Данияр Елеусіновтың бесінші жекпе-жегі туралы ақпарат белгілі болды

Жеңіс тілейміз!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ елінің мақтанышына айналған, Олимпиада чемпионы әрі кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтың (3-0, 1 КО) төртінші жекпе-жегі өтпей жатып, бесінші жекпе-жегі туралы ақпарат жарық көрді. Бұл туралы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы хабарлады. 

Осыған дейін кәсіпқой бокста үш жекпе-жек өткізіп, үшеуін де жеңіске жеткен Даниярдың ендігі қарсыласы – америкалық Мэт Доггерти (8-5-1, 4 КО). Кездесу Бостанда өтеді. Сонымен қатар, кәсіпқой боксшының бесінші кездесуі Монакода өтеді деп жоспарланып отыр. Әзірге қарсыласы әлі анықталған жоқ.

Айта кету керек, Бостандағы жекпе-жек 24 қарашада өтеді.