Әлем

Астролог болжам жасады: Украина мен Путинді не күтіп тұр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал астролог Влад Росс Ресейдің Украинаға ашқан соғысының қашан аяқталатынын және Путинді не күтіп тұрғанын болжады, деп жазады Bugin.kz порталы УНИАН басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, соғыс биыл аяқталады.

«Ең қиын жағдай мамырдың соңы мен маусым айларында болады. Марс әскери операциялар ғаламшары», дейді ол.

Росс шілде айында украин халқын қолайлы кезең күтеді деп уәде берді. Сонымен қатар Путин режимі туралы жағымды жаңалық болуы мүмкін.

Айта кетейік, астролог Путиннің ұйқы безі обырына шалдыққанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей президенті 2023 жылы биліктен кетеді.