Weekend

Мағжан өлімі ақиқат па?

Мағжан Жұмабаевтың өмірден озғанына 125 жыл

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аты аңызға айналған ақындарымыздың маржаны Мағжан Жұмабаев атамыздың өмірден озғанына да 125 жыл толыпты. Өмірге «Шолпан» атты шұрайлы шығармалар жинағын алып келген ақын ағамыз жайлы қанша айтсақ та артықтық етпес. Көзі тірісінде Алаштың ардақты көсемдерінің бірі болған, тәуелсіз ел болу үшін атсалысқан жанның бірі еді ғой…

1938 жылы 19 наурыз айында Сталиннің сұм бұйрығымен Мағжан бабамыз ату жазасына кесілген-ді. Көптеген жазықсыз ақындар арасында бұл кісі де жер қойнын құшқан шығар деп ойлап жүр едік. Алайда кейбір деректерде: «Мағжанды өз көзіммен көрдім….Ол атылған жоқ» деген мәліметтер тараған болатын. Көп ұзамай, бұл әңгіме шындық екені айтылды. Батыр бабамыз  Бауыржан Момышұлы 1948 жылы соғыс алаңында жүріп, ну орманға бас сұғады. Онда от жағып отырған, ерекше топқа көзі түссе керек. Жандарына жақындап барып, түлкі тымақ киген ер азаматшамен амандық сұрасады. Сәлемін ақырын ғана алған ол кісінің үстінде сотталған адамдар киетін киім бар екен. Сонда оның жадына Мағжан Жұмабаев түсе қояды. Мағжан ағамыздың өлеңдерін сүйіп оқитын батыр бабамыз сол жерде  ақынның бірнеше шумақ өлеңдерін оқып беріпті. Содан соң ғана ол кісімен ашық сөйлесуге мүмкіндік алған. Өз елін аңсаған ақын бабамыз одан орайы келсе, өзін туған жерге алып қайтуын өтінеді. Оған еш қарсылық білдірмеген Бауыржан Момышұлы 10 күн шамасында алып  келетінін айтып, қоштасқан  екен. Дегенмен соғыс  уақытысында "қонарыңды сай, ұшарыңды жел білер" заман ғой. Бір ай дегенде Мағжан ағамызды іздеп барғанда, түрме бастығы сал айдап жүріп, суға кетіп қайтыс болғанын жеткізіпті….

Кім білсін, шынымен, солай болды ма екен?! Ол жағы бізге беймәлім.

Ақиқат әрқашан айтылу керек, айтылады да………