Bugin

Асқар Жұмаділдаев: Тоқаев 13 жыл президент болсын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Физика-математика ғылымдарының докторы, академик Асқар Жұмаділдаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тағы 13 жыл президент болуды ұсынды. Бұл туралы ол «Qasqa Jol» YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Bugin.kz порталы.

Жұмаділдаевтің айтуынша, президент Тоқаев өз өкілеттігінің үш жылын Назарбаевтың көлеңкесінде жоғалтып алды. Сондықтан оған екі мерзім Президенттікпен қоса 3 жыл қосып беру қажет.

«Менің білетінім – Тоқаев екінші рет сайланады, одан кейін сайланбайды. Тоқаевтан кейін де адамдар болады. Менің өкінішім – Тоқаев үш жыл уақытын біреудің астында көлеңке болып босқа өткізіп алды.

Егер депутаттар осы үш жылды бірдеңе қылып қосып берсе дұрыс болар еді. Тоқаевқа тиесілі 5 жылдың үш жылы өтті, енді екі-ақ жыл бар. Сосын тағы 5 жыл. Осыдан соң Тоқаев «қоштасам» деді. Конституция одан артыққа рұқсат бермейді. Мен осы 10 жыл ең болмағанда 13 болсын деп отырмын», – деді ғалым.