Спорт

Алғашқы жүлде: Универсиада-2019

Жанбота Алдабергенова Краснояр жерінде өтіп жатқан Универсиада-2019 жарысында қолаға болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шаңғы акробатшысы Жанбота Алдабергенова Краснояр жерінде өтіп жатқан Универсиада-2019 жарысында қола жүлдеге ие болып, Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды. Бұл туралы Bugin.kz хабарлайды. 

Жанбота екінші финалдық жарыста 79,38 ұпай жинап үшінші орынды иеленді. Ол өз жерімізде өткен Универсиада-2017 жарысында да қола медальға ие болған еді. Осы жарыста сынға түсіп жатқан тағыда бір жерлесіміз Аяна Жолдас төртінші орынды қанағат етті.