Жарнама

Елімізде бензин бағасы қалай өзгереді?

Жанармай қымбаттай ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мұнай және жанармай өндірісі бойынша сараптама жасайтын Ranking.kz мамандары бензин бағасының өсуі мен төмендеуі жайында ақпарат берді. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың мәліметінше, қаңтарда Қазақстанда мұнай өндірісі де, жанармай шығару да өскен. Мұнай өнімдерінің, әсіресе дизель отынының бағасы өскен. Қысқы дизель отыны бір жыл ішінде 26,2 пайызға, бір литрі 268 теңгеге дейін қымбаттады. Ал жазғы дизель отынының бағасы 21,9 пайызға, литрі 193 теңгеге дейін өсті. АИ-98 маркалы бензиннің бағасы да бір пайызға, 191 теңгеге дейін өсті. 

Алайда АИ-95/96 және АИ-92 бағалары керісінше, 2,1 пайызға (174 теңгеге дейін) және 4,6 пайызға (152 теңгеге дейін) қысқарды. Елімізде қаңтар айында өндірілген мұнай көлемі, газ конденсатын қоса алғанда, сегіз миллион тонна болды. Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда өндіріс көлемі 5,4 пайызға немесе 409,2 мың тоннаға өсті. Газ конденсатын өндіру көлемі 5,2 пайызға, 1,1 миллион тоннаға дейін төмендеді. Мұнай өндірудің өсуімен отын өндірісі де артты: бензин - жылына 31,5 пайызға, дизель отыны - 10,6 пайызға.