Қоғам

«Теңге болмайды»: Емші Бағдагүл Қазақстанның болашағы туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбелік сынықшы, емші Бағдагүл Лепесова Instagram желісінде тікелей эфир кезінде алдағы үш жылда Қазақстанды көптеген өзгерістер күтіп тұрғанын айтты, деп жазады Bugin.kz порталы.

Емшінің сөзінше, қыркүйекте еліміз тағы да қиындықтарға тап болады. Алайда бұл қиындықтардан кейін елдің ахуалы жақсарады.

«Менің көптеген болжамдарым дәл келеді. Біздің елдегі саясат алдағы үш жылда 90 градусқа өзгереді. Еуропамен араласатын боламыз. Ақшамызда өзгеріс болады. Доллар сияқты үлкен валютаға қосыламыз. Теңге болмайды», – Лепесова.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.