Bugin

Жемістер мен көкөністердегі жапсырмалар нені білдіреді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Супермаркеттердегі жемістер мен көкөністер сыртындағы жапсырмаларымен келеді. Олардың неліктен жапсырылатынын көп адамдар біле бермейді немесе біз оларды елей бермейміз. Дегенмен, бұл жапсырмалардың өзіндік мақсаты бар және сіз ойлағандай емес. Ресми түрде бұл белгі PLU коды деп аталады. Бұл кодтарды алма, апельсин, банан және басқа да жаңа өнімдерден табуға болады. Ол шығарылған елді немесе бренд атауын білдіреді.  

Стикерлерде көретін нөмірлерді Халықаралық өнім стандарттары федерациясы тағайындайды. Ол кассирлерге өнімнің дұрыс бағасын сканерлеуге көмектеседі және өнім туралы басқа да маңызды ақпараттарды қамтиды. Ендеше жеміс-жидек сыртындаға жапсырманың қандай мағына беретінін білейік! 

1. Стикерлердегі кодтар алдын ала бекітілген  

Барлық PLU кодтары 3 немесе 4-тен басталады. Өнім стандарттарының халықаралық федерациясы процесті стандарттап, бөлшек саудагерлерге ортақ код жасау үшін бірқатар сандарды әзірлеген.  

Жеміс қай жерде өсірілгеніне және қайда сатылғанына қарамастан бірдей нөмір беріледі. Мысалы, Мексикадағы 4011 банан Түркиядағы 4011 бананмен бірдей болады. Мұндай жүйе өнімді оңай анықтауға көмектеседі.  

Бір өнімнің өзіне әртүрлі кодтар тағайындалуы мүмкін екенін атап өткен жөн. Мысалы, бананның 10 түріне 10 түрлі код беріледі және олардың барлығы жарамдылығын білдіреді.  

2. Стикерлердегі сандар нені білдіреді  

Барлық дерлік PLU кодтары 4 саннан тұрады. Жалғыз ерекшелік - PLU кодының алдындағы арнайы сәйкестендіру нөмірі. 

3 немесе 4-тен басталатын 4 цифр 

Егер жеміс немесе көкөніс дәстүрлі түрде өсірілген болса, өнімде 3 немесе 4-тен басталатын 4-таңбалы кодты табасыз.  

Бұл өсіру процесінде тыңайтқыштар мен пестицидтер қолданылғанын білдіреді. Бұл жемістерден жоғары өнім алуға, сондай-ақ оларды маусымнан тыс, сақтау мерзімі ұзағырақ немесе үлкен салмақпен өсіруге көмектеседі. Мысалы, кішкентай лимондар үшін код 4033, ал үлкендер үшін 4053.  

8-ден басталатын 5 цифр 

8-ден басталатын 5 таңбалы код өнімнің генетикалық түрлендірілгенін білдіреді. Сіз бұл кодты супермаркетте аз кездестіресіз. Өйткені GM өнімдері ең көп сатылатын жүгері, соя, папайя, асқабақ және т.б. Сонымен қатар, азық-түлік өнімдерін генетикалық түрлендірілген деп таңбалау міндетті емес екенін есте ұстаған жөн.  

9-дан басталатын 5 цифр 

9-дан басталатын 5 таңбалы код пестицидтерді немесе химиялық тыңайтқыштарды қолданбай өсірілген органикалық өнімдерді сатып алып жатқаныңызды білдіреді. Көбінесе сіз бұл өнімдерді супермаркеттердің органикалық азық-түлік бөлімінде немесе денсаулыққа арналған азық-түлік дүкендер желісінен таба аласыз.  

Мысалы, 94033 коды кішкентай органикалық лимондар үшін және 94053 үлкен органикалық лимондар үшін қолданылады.  

3. Жапсырмалар жеуге жарамды ма? 

Егер сіз алманың жапсырмасын байқамай, кездейсоқ жеп қалсаңыз, алаңдамаңыз. Бұл жапсырмалар жеуге жарамды болып саналады және жай ғана ас қорыту жүйесі арқылы өтеді. Олар әртүрлі елдердің денсаулық сақтау органдарымен реттеледі және денсаулыққа зиян келтірмейді.  

Жапсырмалардағы желім де қауіпсіз:

Оны азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы реттейді. Тағамдарға қолданылатын желімдер «Жаңа емес тағамдық қоспалар: желімдер және жабын компоненттері» бөліміне жатады, онда нені және қалай қолдануға болатыны егжей-тегжейлі сипатталады.