Әлем

Ердоған Грекияны Лозанна бітім шартын әдейі бұзды деп айыптады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Лозанна бітім шартының 99 жылдығына арналған жолдауында Грецияның құжат шарттарын әдейі бұзып отырғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Karar басылымына сілтеме жасап.

Ердоған Түркияның Лозанна бітім шартына қол қойылғаннан бері 99 жыл бойы оның орындалуын мұқият қадағалағанын айтты.

«Алайда соңғы кездері келісімде көзделген шарттарды, әсіресе түрік азшылықтарының құқықтарын Грекия елемейді немесе әдейі бұзуда. Біздің ел тату көршілік пен келісімге адалдыққа мүлде үйлеспейтін бұл жағдайды қабылдай алмайды», - деді ол.

Ердоған барлық күш-жігерін жинап түрік ұлтының құқығын қорғауға бел байлағанын айтты.

Еске салайық, Лозанна бейбітшілік келісіміне 1923 жылы 24 шілдеде Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония, Греция, Румыния, Сербтер, Хорваттар және Словендер Корольдігі бір жағынан Түркия, екінші жағынан Түркия арасында қол қойылған болатын. Ол Түркия мен Антанта державалары арасындағы соғыс жағдайын тоқтатты. Лозанна бейбітшілік келісімінің аумақтық елдері Түркияның жаңа шекараларын белгіледі, осылайша Осман империясының ыдырауын заңды түрде ресімдеді және Түркия аумағын оның қазіргі шекараларында бекітті.