Bugin

Қазақстанда бензин мен дизельдің тұрақты бағасы бекітілді: Қай өңірде қаншадан сатылады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның Энергетика министрлігі Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрық дайындады.

«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада тұрақты автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығы есебімен мынадай мөлшерде белгіленсін», - деп жазылған бұйрықта.

Бағалар мынадай:

1) Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;

2) Аи-92, Аи-93 маркалы бензин:

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1 литр үшін 187 теңге;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды,  Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – 1 литр үшін 182 теңге;

3) дизель отыны (жазғы, маусымаралық):

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Абай облыстарында:

Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 260 теңге;

Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға техникалық паспортын көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 260 теңге;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында:

Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 230 теңге;

Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға техникалық паспортын көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 230 теңге; белгіленген көлемнен жоғары немесе сатудың өзге де жағдайлары үшін – 1 литр үшін 450 теңге.

 Argus мәліметтері бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі дизель отынының бағасы 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мынадай:

- Арменияда литріне 758 теңге;

- Ресейде литріне 446 теңге;

- Қырғызстанда литріне 412 теңге;

- Беларусьте литріне 446 теңге.