Bugin

Белгілі дипломат Мысырда сөз сөйлеп тұрып қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сауд Арабиясының белгілі дипломаты Мұхаммад әл-Кахтани Мысырдағы араб-африкалық конференцияда сөз сөйлеп тұрып кенеттен қайтыс болды,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы Pledge Times басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, дипломат Каирдегі шекарашылар үйінде сөз сөйлеп жатқанда есінен танып қалған. Дәрігерлер дипломатқа жедел көмек көрсеткенімен, оны аман алып қала алмаған.

Мұхаммед әл-Кахтанидің өліміне не себеп болғаны айтылған жоқ. 

Әл-Кахтани өз сөзінде Мысыр, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктерінің президенттері мен әміршілері туралы сөз қозғап, Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдулазиз әл Саудты «ұлы адам» деп атаған және оның кезінде ел бірде-бір терроризм мен басқа да проблемалар туралы естімегенін тілге тиек еткен.

Видеоны сілтеме арқылы көре аласыздар!