Bugin

Қатардағы жауынгердің қайтыс болған сәтінен видео жарияланды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысында қатардағы жауынгердің қайтыс болған сәтінен видео жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза болғаны хабарланды. 

5571 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонының жеке құрамы (Алматы қаласы) жеке құрамы 2022 жылдың 8-13 тамызы аралығында Алматы облысы Жетіген кентіндегі 5574 әскери бөлімінің оқу орталығында дала жаттығуында болған. Сағат 20:55 шамасында қатты дауыл көтеріліп, жел салдарынан сарбаздар орналасқан шатыр қалашығы бүліне бастаған

Алмас Шахимов әріптестерінің қауіпсіз орынға шығуына көмектесіп жүріп соңғы болып шыққан. Сол кезде шатырдың темір жақтауы басына тиіп, қатардағы жауынгер жарақат алған.

Сондай-ақ Ұлттық ұланның баспасөз қызметі әскери қызметішінің наградаға ұсынылғанын хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының шешімімен қызмет барысында қаза тапқан қатардағы жауынгер Алмас Шахимов наградаға ұсынылды», - делінген Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.

Алмас Шахимов 2003 жылы туған. Ұлттық ұлан қатарында 2022 жылдың көктемінде шақырылған.