Bugin

Депрессия – дарындылар ауруы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Интеллекті жоғары адамдар туралы сөз болғанда біз жиі депрессияны тілге аламыз. Себебі дарынды тұлғалардың өмірінде күйзеліс айтарлықтай ұзақ уақыт аралықтарын қамтиды. Бұл жөнінде психолог Вероника Викторқызының пікірін қазақшаға аударып, назарларыңызға ұсынамыз.

Өмірде барлық адам жалғыздық, сәтсіздік, көңіл толмау сезімдерін басынан өткереді. Біз оның бәрін күзбен, жұмыстағы қиындықпен байланыстырамыз. Бірақ сіз жағымсыз сезімдер тізбегі депрессияға ұласып кетпеді ме деп қорықтыңыз ба?

Қазір депрессия адамдардың қалыпты көңіл-күйімен етене жақын. Тым қысқа уақытта сол күйге берілгіш. Тіпті жастардың өзі депрессияға бейім. ДДСҰ тіптен алдағы жылдары депрессия жұмыссыздық деңгейіне ықпал ететінін айтады. Себебі мынада, адамның психикалық және физикалық жағдайының арасында байланыс бар. Сонымен, жүрек-тамыр ауруы депрессияны тудыруы мүмкін немесе депрессия жүрек-тамыр ауруын тудыруы ықтимал. Ауыр депрессия қалыбында ұзақ жүру тіпті қатерлі ісікке әкелуі мүмкін. Статистикаға сәйкес, жасөспірімдердің 20% - дан астамы ересек кезеңге дейін депрессияны бастан кешіреді. Өкінішті, бірақ бұл факт.

Депрессияның қайнар көзі – адамның ойлары.  Басқаша айтқанда, біз болмашы нәрседен мәселелерді өзіміз ойлап аламыз. Не істеу керек? Мұндай жағдайда тек нақты мәселелердің шешімін іздеңіз.

Адамның интеллект деңгейі неғұрлым жоғары болса, оның миы соғұрлым белсенді жұмыс істейді.  Сондықтан депрессияға бейім болады. Иә, депрессия – интеллекті жоғары қауымның ауруы. Көптеген танымал тұлғалар депрессиядан зардап шеккен.

Ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылыққа, физикалық және психикалық зорлық-зомбылыққа ұшыраған, қамқорлық пен материалдық қажеттілікке ұшыраған адамдар депрессияға бейім.

Депрессия адамды өзін алдауға мәжбүр етеді. Мәселені тану, сезімін тану осы психикалық аурудан құтылудың жалғыз жолы болып қала береді.

Зигмунд Фрейд, Джим Кери, Диана ханшайым, Уинстон Черчиль, Франц Кафка….. Тізім ары қарай жалғасып кете береді. Аталғандардың бәрі де депрессиядан жапа шеккен.