Weekend

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шықты

Жаңа бейнебаян Димаштың YouTube желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шықты, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы. Бұл жаңалықты әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Көктемнің осы бір ең әдемі күні асыл әжелерге, ардақты аналарға, ақжарқын әпкелерге, аяулы аруларға ізгі тілектерімді жолдаймын. Сіздер барда әлем көрікті, адамзат атаулы асқақ, бүлдіршіндер бақытты. Көңілдеріңіз көрікті, жүздеріңіз сұлу, жүректеріңіз нұрға, өмірлеріңіз әдемі жырға толсын! Осынау атаулы мерекеде сіздерге сыйлық ретінде лирикалық сезімге толы "Аққуым" әнінің бейнебаянын ұсынамын!", – деп жазды Димаш.

Айта кетейік, жаңа бейнебаян Димаштың YouTube желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Ол АҚШ-та өтіп жатқан «The World’s Best» таланттар шоуының рейтингінде 98-94 ұпаймен І орында тұр.