Bugin

Ахмет тұңғыш білім министрі болған ба?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Құрметті, қазақша контент жанашыры! Ахмет Байтұрсынұлының есімін естігенде ойыңызға бірінші не келеді? «Алашордашы, қоғам қайраткері» дейсіз бе? Ендеше сізге қазақ тілінің стартапері туралы  видеоны көру керек! Неге Ахметті қазақ ғылымының атасы деп атайды? «Қазақтан шыққан Энштейннің» тағы қандай қырлары бар? Bugin Media& Entertainment-пен қазақша контентті бірге дамытайық!

23 жасында Орынбор қаласындағы мектепті бітіріп, еліне оралғаннан кейін-ақ мұғалімдік жолға түсіп, оқытудың сан түрлі жолдарын қарастырып, қазақ баласының сауатын ашады. 1910 жылы 15 беттік «Баяншы» кітапшасын, 1912 жылы «Оқу құралы» мен 1926 жылы «Сауат ашқыш» іргелі еңбектерін, 1928 жылы «Тіл жұмсар» әдістемелік нұсқауын шығарады. Осылайша төл әдістемелік нұсқау жасап шықты. «Оқу құралы» жұртшылыққа ұнағаны сонша – әлденеше рет баспадан шығып, халыққа таратылады.

Ахмет Байтұрсынұлы этнопедагогика мен этнопсихологияны игерген жан. Сол арқылы қазақ ұлттық мектебін түзуге, қазақ балаларының сыни ойлауын қалыптастыруға ұмтылған.

Бесіншіден, Ахмет Байтұрсынұлы – мәдениеттанушы ғалым. Мәдениеттану бойынша курс оқыған. «Мәдениет тарихы» атты кітап жазған. Алайда ол да жоғалып кеткен. Ғалымдар оны таба алмай жатыр. 

Ахмет Байтұрсынұлы географиядан да хабардар болған жан. Ғалымның «Шаруашылық өзгерісі» атты шағын еңбегі бар. Сонда Қазақстанның жағырапиялық орналасуы мен климаты, табиғаты мен топырағы жайлы кең мағлұмат береді. Зерттеушілердің айтуынша, А.Байтұрсынұлы қазақ даласының географиялық ерекшелігін туралы терең білген әрі оны үнемі зерттеп, ұдайы назарда ұстаған секілді. Тіпті, ХХ ғасыр басында қазақ даласының географиялық ерекшелігін дәл Ахметтей терең білген қазақ зиялысы болмаған көрінеді. 

Қалай десек те, Ахмет Байтұрсынұлы – өте күрделі кемеңгер тұлға. Біреу білер, біреу білмес. Ахмет Байтұрсынұлы – алғашқы ғылым және білім министрі болған жан. 1920-1922 ж.ж. Өлкелік Халық Комиссариаты жанындағы Академиялық Орталықтың төрағасы қызметін атқарады. Бұл орталық қазіргі білім министрлігімен тең ұжым. Халық ағарту комиссиариаты жанынан құрылған Академиялық орталықтың (Академцентр) тұңғыш төрағасы ретінде Қазақ елінің ғылымын академиялық жолмен басқаруды ұйымдастырудың негізін қалады. Ахмет Байтұрсынұлының бастауымен Алашорда қайраткерлері әр салада ғылыми зерттеу жасап, оқулық жазуға кіріседі. Мәселен, М.Жұмабаевқа педагогика, М.Дулатовқа есеп құралын, Х.Досмұхамедұлына сингармонизм жазуды тапсырады. Кейін Х.Досмұхамедұлы медицина, Ж.Аймауытов психология, Әлімхан Ермеков математика ғылымдары бойынша еңбек еткен. Қазақ ғылымында бұл дәуір тіпті «Байтұрсынұлы дәуірі» деп аталған. Осы ойдан қазақтың ғылымы мектеп оқулықтарынан басталады деп айтуға толық негіз бар.

Реформатор-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ана тілі айбары» төс медалі және «Ғасыр саңлағы» алқа белгісімен марапатталды.

ХХ ғасыр басында Ресей академиктері – А.Н.Самойлович, Е.Поливанов, Н.Яковлев, А.Кононов өз зерттеулерінде А.Байтұрсынұлының еңбегін жоғары бағалаған.

Қазіргі таңда Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері АҚШ-тың Колумбия университетінде, Жапонияның Хоккайда университетінде, Түркияның Ыстамбұл университеті мен Ресей Ғылым Академиясында сақтаулы тұр.

АҚШ ғалымы Эдварт Аллуорт «Ахмет Байтұрсынұлы – арлы, саналы, намысты ортадан шығып, орысша оқып, еліне жанашыр, қайырымды, ізгілік жолында болған азаматтардың бірі. Қазақ әліпбиінің негізін қалаған жан. Жадизм лидері» деп сипаттаған. Жадизм дегеніміз – заманауи ғылым, еуропалық білім дегенді білдіреді.

Ал жапон ғалымы Уяма Томохико «Алаш қайраткерлері өз заманындағы әлемдік ұлт-азаттық көсемдерінің қай-қайсымен де тең тұра алады» дейді.

Ахмет Байтұрсынұлы жайлы алғаш жазған – Ресей академигі Александр Самойлов. Академик «Қазақ тілі орфографиясының реформаторы, қазақ грамматикасы және қазақ әдебиеті теориясының негізін қалаушы» дегенді алғашқылардың бірі болып айтты. Сондай-ақ, орыс ғалымы 1929 жылы Мәскеуде шыққан «Әдебиет энциклопедиясында» Ахмет Байтұрсынұлы айдау мен қудалауда жүрсе де, оған арнайы бөлім арнап, қазақ ғалымы туралы дерек береді.

Түркі ғалықтарының әліпбиін жасауда өзіндік үлесі бар тәжірибелі ғалым Е.Поливанов Байтұрсынұлы жазуын «тарихи тұрғыдан қарағанда кемелденген әрі жетілдірілген графика, бұл даналық» деп баға береді.

 Ахмет Байтұрсынұлының 1937 жылы атылады. Ал 1929 жылдан кейін жазған еңбектері жоқ, ақтаңдақ боп тұр. Соңғы он жылда жазылған еңбектері әлі табылмай жатыр. Тағы үш іргелі еңбегі жоғалып кетті. Осыншама мұра қалдырған Ахмет ата айдау мен қудалауға түспей, еңбек еткенде, қаншама мұрағат, қат-қат кітап қалдырар еді, ойлап көріңізші енді...