Bugin

Лос-Анджелесте Эмми марапаттау рәсімі өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сейсенбі, 13 қыркүйекте Лос-Анджелесте 74-ші «Эмми» марапаттау рәсімі өтті. HBO арнасының «Мұрагерлер» фильмі «Үздік драмалық сериал», ал Тед Лассо «Үздік комедиялық сериал» атанды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

Қазылар алқасы ең үздік мини-сериал ретінде HBO-ның тағы бір жобасы – «Ақ лалагүлді» таңдады. Нетфликстің «Кальмар ойыны» фильміндегі басты рөлі үшін кореялық актер Ли Чон Чжэ «Драмалық сериалдағы үздік ер адам рөлі» номинациясын жеңіп алды. Бұл марапат оның мансабындағы алғашқы сыйлық болды. Сондай-ақ, «Кальмар ойыны» драмалық сериалы «ең үздік режиссер» жүлдесін жеңіп алды.

Зендая «Эйфория» жобасындағы рөлі үшін драмалық сериалдағы үздік актриса атанды. Бұл актрисаның екінші мүсініншесі. Ол осы сериалдағы рөлі үшін 2020 жылы алғашқы сыйлықты алған еді.

«Озарк» криминалдық сериалындағы рөлі үшін Джулия Гарнер драмалық сериалдағы екінші пландағы үздік актриса атанса, Мэттью Макфадьен «Мұрагерлер» фильміндегі рөлі үшін жеңіске жетті.

«Тед Лассо» сериалында басты рөлді сомдаған Джейсон Судейкис алдыңғы жылдағыдай «комедиялық сериалдағы үздік актер» атанды. Сол сериалдағы рөлі үшін Бретт Голдштейн «екінші пландағы ең жақсы актер» деп танылды. Сериалдың өзі «үздік режиссер» атағын алды.

Қазылар алқасы «Алдау» сериалындағы Жан Смартты «Комедиядағы үздік актриса» деп таңдаса, «Эбботт бастауыш мектебі» жобасының қатысушысы Шерил Ли Ральф комедиядағы «екінші пландағы үздік актриса» деп танылды.

Майкл Китон «Үздік» мини-сериалындағы рөлі үшін үздік актер атанды, ал Аманда Сейфрид «Шығу» жобасы үшін «Үздік актриса» атанды.