Экономика

2019: Қазақстанның бюджет кірісі 200,4 миллиард теңгеге жоғары болмақ

200 миллиард

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2019 жылы республикалық бюджет кірісі 7 триллион теңге көлемінде бағаланатынын айтты. Бұл туралы Inform.kz хабарлайды. 

Оның дерегінше, республикалық бюджеттің кірістері 2019 жылы 7 триллион теңге көлемінде бағаланады. Бұл бекітілген жоспардан 200,4 млрд теңгеге жоғары. Негізгі өсім қосылған құн салығы бойынша, шикі мұнайға салынатын экспорттық кедендік баж бойынша, сондай-ақ салықтық емес түсімдер бойынша күтілуде.

«Жаңа бастамаларды қаржыландыру үшін келесі өзгерістер ұсынылады: Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті 250 млрд теңгеге ұлғайтып, 2 700 млрд теңгеге дейін жеткізу; тапшылықты жалпы ішкі өнімге қарағанда 1,5 пайыздан 2,1 пайызға дейін ұлғайту. Сондай-ақ Тікелей инвестициялар қорын құру үшін Ұлттық қордан 370 млрд теңге мөлшерінде нысаналы трансферт қарастырылған. Бұл ретте, түсімдер мен пайдалануды ескергенде Ұлттық қордың таза түсімдері оң нәтижеде болады», - деді ол.

Министрдің дерегінше, мұнай емес тапшылықтың деңгейі 2019 жылы жалпы ішкі өнімнің 8,4 пайызынан аспайды. Республикалық бюджеттің шығыстары бекітілген көлемге қарағанда 1,2 трлн теңгеге ұлғая отырып, 11,9 трлн теңге көлемінде болжанады.